istockphoto
Қазгидромет бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады: 22 наурыз 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
Синоптиктер 22 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялап, Қазақстанның 13 өңірі мен Астана қаласында дауылды ескерту күтілетінін болжады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМҚ мәлім етті.
Астана: түнде және таңертең тұман, жолда көктайғақ күтіледі.
Ақмола облысының батысы мен оңтүстігінде: тұман, жолда көктайғақ. Көкшетауда түнде және таңертең жолдарда көктайғақ.
Шымкент: күндіз жаңбыр, найзағай. Жел күші күндіз 15-20 м/с.
Түркістан облысы (оңтүстігі және таулы аймақтар): таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай. Солтүстігі мен таулы аймақтарында тұман. Жел күші 15-20 м/с.
Жамбыл облысы (оңтүстігі және таулы аймақтар): таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай. Таулы аймақтарда тұман. Жел күші 15-20 м/с. Таразда таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай, кейде тұман.
Атырау облысы: батысы, оңтүстігі және шығысында жаңбыр, күндіз найзағай, шаңды дауыл. Солтүстігінде түнде және таңертең тұман. Жел күші 15-20 м/с. Атырауда жаңбыр, күндіз найзағай, шаңды дауыл.
Абай облысы (оңтүстігі мен орталығы): тұман.
Шығыс Қазақстан облысы: солтүстігі, шығысы, оңтүстігінде тұман. Өскеменде түнде және таңертең тұман.
Қарағанды облысы: батысы, солтүстігі, шығысында тұман. Түнде және таңертең жолда көктайғақ. Қарағандыда кейде тұман.
Ұлытау облысы: солтүстігі, шығысы, орталығы тұман. Жезқазғанда кейде тұман.
Қостанай облысы: батысы, солтүстігі, шығысында көктайғақ, тұман. Қостанайда тұман.
Павлодар облысы: оңтүстігі, шығысында тұман. Түнде және таңертең жолда көктайғақ. Павлодарда тұман.
Солтүстік Қазақстан облысы: батысы, солтүстігі, оңтүстігінде тұман, көктайғақ. Жел күші күндіз 15-20 м/с. Петропавлда тұман, көктайғақ, жел күші күндіз 15-20 м/с.
Маңғыстау облысы: солтүстік-шығысында күндіз жаңбыр, найзағай. Батысы, оңтүстігі, орталығы тұман. Ақтауда тұман.
Батыс Қазақстан облысы: батысы, солтүстігі, шығысында тұман. Оралда түнде және таңертең тұман.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/278517-qazgidromet-birnese-onirde-aua-raiyna-bailanysty-eskertu-zasady