ШАРУАЛАРМЕН ЖҮЗДЕСУ ӨТТІ

74
Аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Молдабеков Жайылма, Жаңаталап, Игілік, Байқадам ауылдық округтерінде көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы, Ислам даму банкі арқылы қаржыландырылып, құрылысы жүргізіліп жатқан 10 канал арқылы суарылатын егістіктердің жағдайы, сонымен қатар мал ауруына қарсы профилактикалық және екпе егу шараларын ұйымдастыру, ақылы түрде жүргізілетін вакцинация түрлері туралы шаруалармен кездесу өткізді.
Жиынға қатысушылар тарапынан бірқатар мәселелер көтеріліп, ұсыныс пікірлер айтылды. Аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Оңғарбекұлы көтерілген мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.