«Сырмақ сыры» – дәстүр мен шеберліктің үйлесімі

29

Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне арналған іс-шаралар легі қалалық мәдениет үйінде өткен «Сырмақ сыры» атты қолөнер фестивалімен жалғасты.

Шара аясында қатысушылар қазақтың тұрмыс-тіршілігінде ерекше орын алатын сырмақтың жасалу технологиясын, ою-өрнектерінің ерекшелігін және олардың терең мағынасын таныстырды.

Шеберлер өз қолдарымен әзірлеген сырмақтарын көпшілік назарына ұсынып, өзара тәжірибе алмасты.

Фестиваль соңында ұлттық өнерді дамытуға үлес қосқан қатысушылар мен үздік жұмыстардың авторларына арнайы марапаттар табысталды.

Бұл шара халқымыздың бай мәдени мұрасын дәріптеп, ұлттық қолөнердің құндылығын кеңінен насихаттауға бағытталды.

Тараз қаласының әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.