Қала әкімі құрылыс нысандарын аралады

90
Қала әкімі Бақытжан Орынбеков шаһардағы бірқатар нысандарды аралап, құрылысымен танысты
Ең алдымен шаһар басшысы Ы.Сүлейменов көшесінде орналасқан “Төрткүл” керуен сарайын қалпына келтіру жұмыстарының барысын көрді.
Бүгінде бұл кешеннің тарихи келбетін сақтай отырып, заманауи талаптарға сай қайта жандандыру көзделіп отыр.
Жобаны іске асыру нәтижесінде «Төрткүл» көне шаһардың тарихи-мәдени нысандарының бірі ретінде туристер мен қала қонақтары үшін тартымды орынға айналмақ. Сонымен қатар, болашақта өткізілетін “Достастық жәрмеңкесі” аясында мәртебелі меймандар арнайы ат басын бұратын маңызды нысандардың бірі болады деп жоспарлануда.
Бұдан кейін шаһар басшысы “Ұлы дала” шағын ауданында салынып жатқан жаңа әкімдік ғимаратының құрылыс алаңына барды.
Құрылыс жобасына сәйкес, онда әкімдік ғимаратымен қатар көліктерге арналған кең автотұрақ пен тұрғындар үшін жайлы жасыл аймақ қарастырылған.
Келесі кезекте қала әкімі “Таза тыныс” саябағының құрылысымен танысты.
Мұнда спортпен айналысуға арналған арнайы алаңшалар, балалар ойын алаңдары, жастардың мәдени және шығармашылық бастамаларын шыңдауға мүмкіндік беретін амфитеатр мен демалыс аймақтары орналасады.
Айта кетейік, өткен жылдың қыркүйек айында Тараз қаласының әкімдігі мен Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті арасында бұрынғы «Гидрокешен» аумағында жаңа сквер салу жөнінде меморандумға қол қойылған болатын. Бұл нысан да шаһардағы қоғамдық кеңістіктерді дамытуға бағытталған маңызды бастамалардың бірі саналады.
Аралау қорытындысы бойынша Бақытжан Әмірбекұлы жауапты тұлғаларға құрылыс жұмыстарын сапалы орындап, белгіленген мерзімде аяқтау бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.
Сонымен қатар, шаһар басшысы барлық нысандардың қала тұрғындары үшін қолайлы әрі қауіпсіз болуы басты назарға алынуы керектігін де айрықша атап өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.