Таразда қаланың сәнін келтіру үшін 10 мың пластик қызғалдақ «егілген»

149
Таразда әкімдік қала көркін жақсарту үшін 10 мың дана пластик қызғалдақ орнатылған. Оның үстіне түнде гүлдердің жарығы да қосылады екен.

Билік өкілдерінің пікірінше, бұл қаланың эстетикалық келбетін жақсартады.

«Қала әкімдігінің Медиа орталығы Таразда қалалық кеңістіктің тартымдылығын арттыру мақсатында жарық шамдары бар 10 мың жасанды қызғалдақ орнатылғанын деп хабарлады. Қараңғы түскенде сәндік гүлдер жарық беріп, қаланың көшелері мен қоғамдық орындарын көріктендіреді. Олардың түрлі түсті жарығы түнде ерекше әсер беріп, Тараздың келбетіне қосымша сән береді», – деп жазды hronika.kz сайтында.

Фото: hronika.kz

Мекеме мәліметінше, жобаны іске асыру «қаланың эстетикалық келбетін жақсартуға, сондай-ақ Тараз тұрғындары мен қонақтарының серуендеуіне жайлы әрі жағымды орта қалыптастыруға» бағытталған.

Медиа орталық бұл жобаға қанша қаржы жұмсалғанын хабарламаған. Ал бұл гүлдердің қанша уақытқа шыдайтынын уақыт көрсетеді.

Stan.kz ақпарат агенттігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.