Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы бойынша өтіп жатқан республикалық референдумда дауыс берді.

«Мемлекет басшысы атап өткендей, елімізде маңызды шешімнің барлығы халықтың талқылауы арқылы қабылданады. Бүгінгі референдум – дәл сондай маңызды кезеңдердің бірі. Өйткені әрбір қазақстандықтың дауысы елдің ұзақ мерзімді даму бағытын айқындауда ерекше мәнге ие», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Айта кетейік, министрдің тапсырмасымен «Қазсушар» РМК-ның барлық филиалы мен өндірістік бөлімшесінде, сондай-ақ бассейндік су инспекцияларында жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған іс-шаралар өтті.
Кездесуге қатысушылар еліміздің басты заң жобасына енгізілген негізгі түзетулерді қарап, су ресурстарын басқаруға және сала қызметкерлерінің еңбек жағдайларына әсер ететін ережелерді талқылады.
ҚР Су ресурстары және ирригация
министрлігінің баспасөз қызметі