Мәселе біртіндеп шешіледі

75
«Жиделі» алқабы тұрғындарының өтініш-шағымдарына байланысты кездесу өткізілді.
Жүздесу барысында тұрғындар тарапынан ауыз су, жол және қоғамдық көлік мәселелері көтерілді.
Жиынға қала әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, сондай-ақ «Жамбыл су» мекемесінің жауапты өкілдері қатысты.
✅ Кездесу қорытындысы бойынша аталған алқап аумағындағы құдық қақпақтары тексеріліп, ауыз судың тұрақты келіп тұрғаны анықталды. Осыған байланысты тұрғындарға ауыз суды әр үйге өздері жеке кіргізу қажеттігі түсіндірілді.
✅ Сонымен қатар №61 қоғамдық көлік бағытының сызбасына қатысты да тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ұсыныстар назарға алынатыны айтылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.