Жаңа конституция: халықтан шыққан үміт

81
 Өңірлердегі кездесулер: Жаңа Конституцияны түсіндіру жұмыстары
Шу ауданына жұмыс сапарымен барып, тұрғындармен және түрлі сала өкілдерімен бірқатар мазмұнды кездесулер өткіздік.
Кездесулердің негізгі мақсаты — Жаңа Конституция жобасының мазмұнын кеңінен түсіндіріп, оның қоғам дамуына әкелетін жаңашыл бастамалары мен маңызын халыққа жеткізу болды.
Алдымен Шу ауданында теміржол саласының қызметкерлерімен жүздесіп, ел дамуының құқықтық негізін нығайтатын өзгерістерге тоқталдық. Кездесу барысында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды. Ашық пікір алмасу алаңы қалыптасып, ортақ ойлар тоғысты.
Одан кейін М.Әуезов атындағы мектеп ұжымымен кездесіп, білім саласына қатысты жаңашылдықтардың мән-маңызы талқыланды. Ұстаздар қауымы ел болашағын қалыптастырудағы заңнамалық тұрақтылықтың рөліне ерекше назар аударды.
Сапар аясында Өндіріс ауылдық округінің тұрғындарымен де жүздесіп, Жаңа Конституция жобасының азаматтардың құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін күшейтуге бағытталған тұстарын түсіндірдік.
Барлық кездесулерде қатысушылар Жаңа Конституция жобасын қолдайтындарын білдіріп, елдің болашағы үшін бұл маңызды қадам екенін атап өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.