Март ойын-сауық орталығы алаңында жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған LIVE-концерт өтті.

Март ойын-сауық орталығы алаңында өңірлік «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының қолдауымен жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған LIVE-концерт ұйымдастырылды. Іс-шараға 1,5 мыңнан астам қала тұрғындары мен жастар қатысты.

Концерт барысында өңірге танымал эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, жиналған көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Кештің басты қонақтарының бірі – көпшіліктің сүйікті әншісі Ернар Айдар сахна төрінде өнер көрсетіп, өзінің танымал әндерін орындады.

Сонымен қатар, жас белсенді Айдана Бекмырза мен студент Алмат Қалдыбек жаңа Ата Заң жобасының негізгі бағыттары туралы ақпарат беріп, оның маңыздылығына тоқталды. Олар қала тұрғындарын 15 наурызда өтетін референдумға белсенді қатысуға шақырды.