Фото: Depositphotos.com
СІМ: Ирандағы Қазақстан азаматтарының арасында зардап шеккендер жоқ: 28 ақпан 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
Қазіргі таңда Иран аумағында 96 Қазақстан азаматы бар. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінен мәлім етті.
Ведомствоның мәліметінше, олардың 18-і — дипломатиялық өкілдіктердің қызметкерлері, 2 азамат — студент, 70 қазақстандық «Заркух» зауытында еңбек етеді. Сондай-ақ алты азамат Иранда жеке сапармен жүр.
Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның шетелдегі мекемелері отандастарымызбен тұрақты байланыс орнатқан.
Қазіргі уақытта Ирандағы Қазақстан азаматтарының арасында зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/277062-sim-irandagy-qazaqstan-azamattarynyn-arasynda-zardap-sekkender-zoq