Президент тапсырмалары іске асуда

33
Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді жүйелі түрде жаңғырту және сұранысқа ие сервистерді онлайн форматқа көшіру жалғасуда.
«Қазақстандықтар сәуір айынан бастап жүргізуші куәлігін оның жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін де eGov.kz порталы және eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы ауыстыра алатын болады. Бұған дейін қызмет тек қолданыстағы құжат болған жағдайда, сондай-ақ оны жоғалуы, ұрлануы немесе тегі, аты-жөнін өзгерткен кезде ғана онлайн форматта көрсетілетін. Енді ол құжат мерзімі өткен жағдайларды да қамтиды», — деп хабарлады Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
eGov.kz порталы арқылы қызметті алу үшін:
– порталға кіріп, «Азаматтарға» — «Көлік және коммуникациялар» — «Автомобиль көлігі» бөліміне өту;
– «Жүргізуші куәлігін алу» қызметін таңдау;
– дайын құжатты алу үшін ХҚКО-ны көрсету және фотосуретті жүктеу (фотоға қойылатын талаптармен танысу);
– қолтаңба үлгісін жүктеу және байланыс телефонын енгізу;
– мемлекеттік баж салығын төлеу (1,25 АЕК). Қайта өтінім берген жағдайда «Бұрын төленген» функциясын пайдалануға болады;
– өтінімді қол қоюдың қолжетімді тәсілдерінің бірімен растау.
eGov Mobile қосымшасы арқылы қызметті алу үшін:
– қосымшаға кіріп, «eGov Мемлекеттік қызметтер» — «Жүргізу және көлік» бөліміне өту;
– «Жүргізуші куәлігін беру» қызметін таңдау;
– фотоға қойылатын талаптармен танысып, файлды жүктеу;
– қолтаңба үлгісін жүктеу немесе жазып, «Сақтау» батырмасын басу;
– дайын құжатты алу үшін ХҚКО бөлімін таңдап, «Жалғастыру» батырмасын басу;
– мемлекеттік баж салығын төлеу (1,25 АЕК). Қайта өтінім берген жағдайда «Бұрын төленген» функциясын пайдалануға болады;
– өтінімді қолжетімді тәсілдердің бірімен қол қою.
Қызмет нәтижесі eGov.kz порталындағы Жеке кабинеттегі «Хабарламалар» бөлімінде және eGov Mobile қосымшасындағы «Хабарламалар» — «Жеке кабинет тарихы» бөлімінде көрсетіледі. Дайын құжатты рәсімдеу кезінде таңдалған ХҚКО-дан жеке куәлікті ұсыну арқылы алуға болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.