Алғыс айту күні қарсаңында туыстарымен қауышты

44

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №25 мекемесінде жазасын өтеуші азаматтар отбасымен және туған-туыстарымен кездесетін күнді асыға күтеді. Бұл күні олар ата-аналарымен, жақындарымен қауышып, қуанышқа бөленеді.

Осы орайда Алғыс айту күні қарсаңында сотталғандарға қысқамерзімді кездесулер ұйысдастырылып, олар көптен көрмеген жандарымен қауышып, шаттыққа бөленді. Сонымен қатар жазасын өтеушілер жақындарымен бейнебайланыс арқылы жүздесуге де мүмкіндік алды. Өз сөздерінде сотталғандар туған-туыстарына өз алғыстарын жеткізді.

– Барлығы бұл күнді асыға күтті. Басты мақсат – сотталғандардың туыстарымен жақын байланысын сақтау. Мұндай шаралар жазасын өтеушілерді түзетуге және өз қателіктерінен ертерек сабақ алып, қоғамға қайта тәрбиеленіп оралуға серпін береді, тәрбиелік маңызы зор, – деді мекеме бастығы, әділет подполковнигі Бекзат Ортаев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.