Қуатты мемлекеттің негізі – жаңа конституция

39
Бүгін М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде «Әділетті Конституция – қуатты мемлекет» тақырыбында мазмұнды әрі тағылымды кездесу өтті. Іс-шараға университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен белсенді студент жастар қатысып, елдің конституциялық даму бағыты төңірегінде ашық пікір алмасты.

Кездесу барысында жаңа Ата Заңның қоғам өміріндегі орны, конституциялық реформалардың стратегиялық маңызы және құқықтық мемлекетті қалыптастыру тетіктері жан-жақты талқыланды. Спикерлер Конституция – мемлекеттіліктің берік тірегі, ел тұрақтылығы мен орнықты дамуының кепілі екенін атап өтті. Әсіресе заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, әділетті қоғам құру қағидаттары кеңінен қозғалды.

Жастарға ел болашағына жауапкершілікпен қарау, заңды құрметтеу және қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласу қажеттігі ерекше айтылды. Себебі саналы әрі құқықтық мәдениеті жоғары ұрпақ қана қуатты мемлекет қалыптастыра алады.

Осындай мазмұнды кездесулер ортақ құндылықтарды нығайтып, қоғамдағы бірлік пен өзара сенімді арттыруға ықпал етеді.

‘БАҚ Орда’ ақпараттық порталы

Leave A Reply

Your email address will not be published.