Т.Рысқұлов ауданындағы кездесу – ел болашағына ортақ қадам. Бүгін Т.Рысқұлов ауданына жұмыс сапарымен барып, түрлі сала өкілдерімен және аудан тұрғындарымен мазмұнды кездесулер өткіздік.

Сапар барысында алдымен Ақыртөбе орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің ұжымымен жүздестік. Кездесуде Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарына тоқталып, оның азаматтардың құқықтарын қорғау, әлеуметтік кепілдіктерді нығайту және қоғамдағы әділдік қағидаттарын орнықтырудағы маңызы жан-жақты түсіндірілді. Ұжым тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріліп, ұсыныс-пікірлері назарға алынды.

Одан кейін Құлан ауылының тұрғындарымен кездесіп, Жаңа Конституция жобасының ел дамуына қосатын стратегиялық үлесі мен мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудегі рөлі жөнінде ашық әрі мазмұнды әңгіме өрбіді. Тұрғындар өздерін толғандырған әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелерді көтеріп, өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Сапар аясында «Mooz Tau» ЖШС еңбек ұжымымен де кездесіп, конституциялық реформалардың еңбек адамына беретін мүмкіндіктері, құқықтық қорғалуы және әлеуметтік кепілдіктері туралы кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жұмыс сапарының басты мақсаты — халықпен тікелей байланыс орнатып, Жаңа Конституция жобасының мән-маңызын кеңінен түсіндіру және азаматтардың ұсыныс-пікірлерін тыңдау болды.
Ең бастысы — тұрғындар Жаңа Конституция жобасын қолдайтындарын білдіріп, елдің әділетті әрі тұрақты дамуына өз үлестерін қосуға дайын екендерін жеткізді.