Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ✓25 РМ мекемесінде, мекеме бастығының режим және жедел жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет майоры Д.А.Жексенбиевтің қатысуымен, Арнайы контингент арасында «Суицидті алдын алу және болдырмау » бойынша шараларды қабылдау туралы ҚАЖ комитетінің ✓30-30-10-2-258/1024-И шығыс санды нұсқаулығына сәйкес, мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етуді жүзеге асыру барысында, ағымдағы жылдың 25-ақпанында ҚАЖ қызметкерлері мен ҚР Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының 2025-2027 жылдарға арналған өзара іс-қимыл жоспарына сәйкес, қасақана құқық бұзушылық, дене жарақатын салу және суицидті алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстары жоспарға сай жүргізіледі. Қосымша мекеменің жеке құрамы және 5513 әскери бөлім қызметкерлерінің назарына, профилактикалық алдын-алу есебінде тұрған сотталғандардың іс-әрекетіне немқұрайлылық танытпай, олардың жүріс-тұрысына аса назар аударып, қатаң бақылауға алуларына, ұйғарым, нақты тапсырмалар берілді.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД қарасты ✓25 мекемесінің аға инспектор психологы әділет майоры М.К.Сейдуллаева.