Эмоция – тағдырды өзгертетін күш

31

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты № 25 РМ мекемесінде ағымдағы жылдың 19 ақпанында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес, М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Әлеуметтік психология» кафедрасының аға оқытушысы, психология магистрі А.Т.Абдрахманованы ұсыныс хатымен шақырта отырып, мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтармен «Эмоция – тағдырды өзгертетін күш» тақырыбында психологиялық тренинг-жаттығулар өткізді.

Іс-шараның мақсаты – сотталушылардың эмоция туралы түсінігін кеңейту, эмоцияның адам өміріндегі рөлін ұғындыру, өз эмоцияларын тану және оларды конструктивті түрде басқару дағдыларын қалыптастыру арқылы тұлғалық дамуына және әлеуметтік бейімделуіне ықпал ету.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД қарасты №25 РМ мекемесінің аға инспектор психологы әділет майоры М.К.Сейдуллаева

Leave A Reply

Your email address will not be published.