Жазасын өтеушілер арасында жарыс өтті

33

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемеде Жамбыл облысы дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесіп, сотталғандар арасында арқан тарту, 100 метрге жүгіру және қол күресінен турнир өтті.

Жарыстың мақсаты – сотталғандарды спорттық жарыстарға, мекеменің қоғамдық өміріне қатысуға тарту, құқыққа бағынушылық мінез-құлқын ынталандыру, сотталғандар арасында деструктивті мінез-құлық пен төтенше жағдайлардың алдын алу.

Мекемеде мұндай жарыстар бірінші рет өткізіліп отырған жоқ. Сотталғандар арасындағы жарыстар, турнирлер мен конкурстар – салауатты өмір салтын насихаттаудың таптырмас құралы.

Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздарға, жүлделі орындарға ие болған және белсена атсалысқан азаматарға алғыс жарияланды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.