Жазасын өтеушілерге жайдары көңіл күйін сыйлады

37

К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының өнерпаздары Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтар үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырды.

Іс-шара барысында өнерпаздар көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, түрлі музыкалық шығармалар орындады. Мұндай мәдени бағдарламалар сотталғандардың рухани дамуына оң әсер етіп, олардың қоғамға бейімделуіне ықпал етеді.

Кештің мақсаты – сотталғандар арасында дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтар мен төзімділікті нығайту.

Концерттің соңында сотталғандар мен мекеме басшылығы өнерпаздарға алғыстарын білдіріп, концертті ұйымдастырғаны үшін ризашылықтарын жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.