Елдегі тұрақтылық пен тәртіптің негізгі тірегі ол — Конституция.
Ол әрбір азаматтың құқығы мен бостандығын айқындап, мемлекет пен халық арасындағы сенімді нығайтады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, «Конституция – мемлекет пен қоғамның ұзақ мерзімді дамуын айқындайтын басты құжат». Сондықтан Конституцияны құр қағаз емес, өмірде нақты орындалуы тиіс құндылық деп қабылдауымыз керек.
Әр азамат оның маңызын терең түсінгенде ғана заң үстемдігі қалыптасады. Конституциялық өзгерістер – азаматтың құқықтары мен қоғам дамуына арналған қадам. Заң мен тәртіп – қоғам тұрақтылығының негізі. Әрбір азаматтың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету ортақ міндет. Осыған орай Ақбұлым алабының кітапханасы «Конституция – қоғам тұрақтылығының кепілі» атты пікір алмасу кешін өткізді.