ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНА БАСТАР ҚҰҚЫҚТЫҚ БАҒДАР

39

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы ел тарихындағы аса маңызды әрі тағдырлы кезеңнің бастауы болып отыр.

Бұл құжат мемлекеттің егемендігі мен дербестігін нығайтуға, саяси жүйені жаңғыртуға және қоғамдық дамудың жаңа моделін қалыптастыруға бағытталған.

Осы орайда Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Ұлы дала кітапханасында «Конституциялық өзгерістер — демократия кепілі» атты пікірталас алаңы өтті.

Пікірталасқа  30-ға жуық жас қатысты.  Кездесу барысында Конституцияға енгізілетін өзгерістердің мәні мен маңызы кеңінен түсіндіріліп, азаматтардың құқықтарын қорғау, заң үстемдігін нығайту және мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру бағытындағы жаңашылдықтар талқыланды.

Шара соңында қатысушылар өз ой-пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.