Қайғылы оқиға туралы полицияға куәгерлер жеткізген.
Олар Ертіс өзенінің мұз үстінен адамның денесін көрген.
«Ертіс өзенінің мұзында, аспалы көпірдің астынан адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», — деп мәлімдеді Абай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
«Оқиғаның себептері, сондай-ақ қаза тапқан 23 жастағы азаматтың қандай да бір уәждері анықталуда», — деп нақтылады полиция департаменті.
Фото: freepik