Қазақстанда туберкулезбен сырқаттану деңгейі 10%-ға төмендеді

57

istockphoto.com

Қазақстанда туберкулезбен сырқаттану деңгейі 10%-ға төмендеді: 6 ақпан 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында эпидемиологиялық көрсеткіштердің жақсарғаны байқалады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Туберкулезбен сырқаттану деңгейі 9,9%-ға, туберкулездің таралуы 12,8%-ға, ал туберкулезден болатын өлім-жітім 10%-ға төмендеді.

Емдеудің тиімділігі артты: дәріге сезімтал туберкулез кезінде бұл көрсеткіш 90,5%, ал дәріге төзімді туберкулез бойынша 85,3% болды, бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) стандарттарынан жоғары. Белсенді туберкулезбен ауыратын науқастар саны 15%-дан астамға қысқарды.

Қазақстанда туберкулездің алдын алу, диагностикалау және емдеу тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіреді.

Елде алғашқы медициналық-санитарлық көмек (АМСК) желісі деңгейінде ерте анықтаудың заманауи әдістері енгізілген: GeneXpert аппаратында (туберкулезге ПТР талдауы) нәтижелер 2 сағат ішінде дайын болады.

ДДҰ ұсынымдарына сәйкес дәріге төзімді туберкулез түрлерін емдеуде инъекциясыз, қысқартылған (6–12 айға дейін) және қабылдауға ыңғайлы таблетка түріндегі тиімді емдеу режимдері қолданылуда.

Туберкулез инфекциясының алдын алу үшін 1–3 айлық қысқа профилактикалық емдеу режимдері енгізілген. Бұл байланыста болған адамдар мен қауіп тобына кіретін тұлғалар арасында белсенді туберкулездің дамуын болдырмауға мүмкіндік береді.

Жыл сайын науқастардың 95%-дан астамы әлеуметтік қолдаумен қамтылады.

Науқастардың 40%-ы амбулаториялық кезеңде бейнебақылау арқылы ем қабылдайды.

Денсаулық сақтау министрлігі туберкулездің алдын алу, ерте анықтау және қолжетімді емдеуді дамыту жөніндегі жұмысты жалғастырады. Бұл ретте амбулаториялық көмек түрлеріне, науқастарды әлеуметтік қолдауға және эпидемиологиялық жағдайды одан әрі жақсартуға бағытталған халықаралық стандарттарды қолдануға басымдық беріледі.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/275805-qazaqstanda-tuberkulezben-syrqattanu-dengeii-10-ga-tomendedi

Leave A Reply

Your email address will not be published.