«Қауіпсіз аула» іс-шарасы: Таразда жазасын өтеуші азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылды

36

Жамбыл облыстық полиция департаменті мен өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті осы жылдың 28 қаңтары мен 3 ақпаны аралығында «Қауіпсіз аула» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Бұл шараның негізгі мақсаты – пробация қызметінің есебінде тұратын азаматтардың құқықбұзушылық жасауының алдын алу, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазасын өтеушілерді тұрғылықты жері бойынша тексеру жұмыстарын ұйымдастыру және криминогендік ахуалды сауықтыру бойынша полиция бөлімшелері мен пробация қызметінің өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру.

Бес күнге созылған шара барысында өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты Тараз қалалық және облыс аумағында аудандардағы пробация қызметінің есебіндегі тұлғаларға тексеру жұмыстары жүргізілді. Оған пробация бөлімдерінің қызметкерлері, полиция департаментінің учаскелік полиция инспекторлары мен прокуратура өкілдері жұмылдырылды. Нәтижесінде, сотты болған азаматтар тарапынан бірқатар кемшіліктер анықталды.

Мәселен, Тараз қалалық №3 пробация бөлімінің есебіндегі 6 сотталған азаматтың тұрғылықты мекенжайында болмағаны әшкереленді. Сәйкесінше, аталған жазасын өтеушілер ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 492-бабының 1-бөлігімен «Ескерту» түріндегі әкішмішілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ бұл күндері құқық қорғау органдарының қызметкерлері сотталғандарға қылмыстың алдын алу, әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мен жұмысқа орналастыру бойынша тиісті түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.