Қарағанды медицина университетінің студенті ұшақта жолаушының өмірін сақтап қалды. Астана — Ақтауға бағытындағы рейсте жолаушының жағдайы күрт нашарлаған. 6-курс студенті Махсұд Ибадуллаев оған қажетті медициналық көмек көрсеткен.
Болашақ дәрігер шұғыл әрекет еткен соң жолаушының жағдайы тұрақталған. Ұшақ қонғанға дейін ол жолаушының өмірлік маңызды көрсеткіштерін бақылауда ұстаған.