ашық дереккөзден
23 қаңтарда Астанадағы оқушылардың бір бөлігі қашықтан оқуға көшеді: 22 қаңтар 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
23 қаңтарда Астанада бірінші ауысымда оқитын 0–4-сынып оқушылары қашықтан оқиды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы елордалық білім басқармасы жазды.
«Ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты 2026 жылғы 23 қаңтарда бірінші ауысымдағы 0–4-сынып оқушылары қашықтан оқу форматына көшеді», – делінген таратылған хабарламада.
Жуырда ғана Астанада қатты аязға байланысты тек мектеп оқушылары емес, студенттер де қашықтан оқыған еді. Белгілі болғандай, басталған жылымық қысқа мерзімді болды.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/274989-23-qantarda-astanadagy-oqusylardyn-bir-boligi-qasyqtan-oquga-kosedi