Онлайн сауда жасау жағымсыз жаңалық оқығаннан да қатты стресс тудырады

51
сурет: istockphoto.com
Онлайн сауда жасау жағымсыз жаңалық оқығаннан да қатты стресс тудырады: 14 қаңтар 2026, жаңалықтар Turkystan.kz

Онлайн сауда жасау адамдарға жағымсыз жаңалық оқығаннан да қатты стресс әкелуі мүмкін. Ғалымдар 7 ай бойы 1 500 пайдаланушыны бақылап, дәл осындай қорытындыға келген, деп хабарлайды turkystan.kz jmir.org-ке сілтеме жасап.

Зерттеу нәтижесіне сәйкес, кортизол – стресс гормонының күрт көтерілуі көбіне думскроллингке емес, «жағымды» саналатын цифрлық әрекеттерге байланысты. Маркетплейстерде тауар таңдау, мобильді ойындар ойнау және әлеуметтік желілерді пайдалану психикаға көбірек салмақ түсіреді.

Мамандар мұның себебін үздіксіз таңдау жасау, салыстыру және нәтиже күтумен байланыстырады. Мұндай сәттерде ми үнемі дайындық күйінде болып, стресс реакциясын күшейтеді.

Сонымен қатар, адамның жасы мен табыс деңгейі де маңызды рөл атқарады. Жасы үлкен әрі қаржылық тұрғыдан тұрақты адамдар онлайн-көңіл көтеруді сабырлы қабылдайды. Ал жастар мен табысы төмен қатысушыларда стресс деңгейі айқынырақ байқалған.

Ғалымдардың айтуынша, бұл деректер цифрлық ортадағы негізгі стресс көзі тек жағымсыз жаңалықтар деген түсінікті қайта қарауға негіз болады және күнделікті онлайн әдеттерге саналы көзқарас қажет екенін көрсетеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.