istockphoto
https://turkystan.kz/article/271519-pavlodarda-ozinin-bank-kartasyn-qylmyskerlerge-bergen-turgyn-sottaldy
Алаяқтарға қолма-қол ақша шығарып беруге көмектескен павлодарлық жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар қалалық соты ақшаны заңсыз айналымға шығару схемасына қатысы бар Ақсу қаласының тұрғынына қатысты үкім шығарды.
«Сотталушы өзіне тиесілі банк карталарын және дербес мәліметтерін қылмыстық топқа берген. Картаны пайдаланған алаяқтар азаматтардан ұрланған 1 200 000 теңгені қолма-қол шешіп алған», — дейді ведомство.
Бұл тұрғын алаяқтық операцияларды жүзеге асыруға ықпал етіп, жәбірленушілерге айтарлықтай материалдық шығын келтірген. Сот үкімімен ер адамға бостандықты шектеу жазасы тағайындалды. Үкімді орындау аясында пробация қызметкерлері оның мекенжайын және міндеттемелерді орындауын бақылау үшін сотталушыға электронды қадағалау білезігін тақты.
«Банк карталарын, деректемелерді беру немесе күмәнді қаржы схемаларына қатысу қылмыстық жауапкершілікке және ауыр құқықтық салдарға әкеледі», — деді Ақсу қаласының пробация қызметінің бастығы Олжас Қалымов.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/271519-pavlodarda-ozinin-bank-kartasyn-qylmyskerlerge-bergen-turgyn-sottaldy