Республикалық ғылыми жобалар конкурсы

35
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі өтті
2025 жылдың 19 қазан күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен Абай атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-гимназиясының базасында 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңі өтті.
Байқаудың мақсаты: оқушылардың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету болып табылады.
Байқаудың міндеттері: оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, ең талантты және дарынды зерттеушілерді іріктеу және қолдау, оқушылардың үздік зерттеу жетістіктері мен өнертабыстарын көрсету және насихаттау, оқушылардың зияткерлік әлеуетін дамыту мәселелеріне қоғамның назарын аудару және ғылыми-зерттеу ресурстарын тарту.
Конкурсқа 16 секцияда 4 бағыт бойынша жұмыстар ұсынылды:
І бағыт – «Ғылыми-техникалық прогресс экономикалық өсудің негізгі буыны ретінде» — секциялар: физика, техника, Жер және ғарыш туралы ғылым.
ІІ бағыт — «Экономикалық және әлеуметтік үрдістерді математикалық модельдеу» — секциялар: математика, қолданбалы математика, информатика, экономика.
ІІІ бағыт -«Салауатты табиғи орта- «Қазақстан – 2030» стратегиясын жүзеге асырудың негізі» — секциялар: химия, биология, қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы.
IV бағыт — «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективалы туристік маршруттар» — секциялар: тарих, өлкетану, этномәдениеттану, тіл білімі, адам және қоғам, әдебиет.
Конкурстың облыстық кезеңіне Жамбыл облысының барлық аудандары мен Тараз қаласынан және білім басқармасына қарасты облыстық білім беру ұйымдарынан 508 оқушы қатысып, бақтарын сынады.
Сондай-ақ қатысушылардың зерттеу жұмыстарын өңіріміздің жоғарғы оқу орындарының оқытушы – ғалымдары бағалады.
Конкурстың бірінші турының жеңімпаздары мен жүлдегерлері Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және медальдарымен марапатталды.​
Байқау қорытындысы бойынша 186 оқушы жеңімпаз атанып, I — орынды 38 оқушы, II — орынды 52 оқушы, III — орынды 96 оқушы иеленіп, жеңімпаз атанды.
Жеңімпаз оқушыларды жүлделі орындарымен құттықтаймыз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.