Таразда ХҚКО мамандары марапатталды

28
Жамбыл облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалы – Халыққа қызмет көрсету орталығының 20 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шара барысында құрметті қонақтар құттықтау сөз сөйлеп, халыққа қызмет көрсету саласының дамуына өлшеусіз үлес қосып келе жатқан мамандардың еңбегін жоғары бағалады.
Сондай-ақ, ХҚКО жүйесінің еліміздегі мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттырудағы маңызды рөлін ерекше атап өтті.
Мерекелік жиын барысында сала дамуына үлес қосқан қызметкерлерге құрмет көрсетіліп, бірқатар мамандар марапатталды.
Шараға облыс және қала әкімдігі өкілдері, мемлекеттік корпорация басшылығы мен сала ардагерлері қатысып, ХҚКО қызметінің ел өміріндегі маңызы ерекше екендігін атап өтті.
 20 жыл – халыққа сапалы, қолжетімді қызмет көрсету жолындағы қажырлы еңбек пен тұрақты дамудың жарқын белесі!
Барша қызметкерлерді мерейтоймен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз табысты, абыройларыңыз биік болсын!

Leave A Reply

Your email address will not be published.