Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады

45

Ақорда

https://turkystan.kz/article/271285-memleket-bassysy-iski-ister-ministri-erzan-sadenovti-qabyldady
Қасым-Жомарт Тоқаевқа елдегі криминогендік ахуал, ішкі істер органдарына жүктелген міндеттердің орындалуы, соның ішінде «Заң және тәртіп» қағидатын орнықтыру жұмыстары жөнінде баяндалды.

Ержан Сәденов:

10 айда елдегі қылмыс саны 5,3 мыңға азайғанын және қылмыстың ізін суытпай ашу деңгейі жақсарғанын жеткізді.

Отбасылық-тұрмыстық деңгейдегі құқықбұзушылықтармен күрес белсенді түрде жүргізіліп жатыр.

Алдын алу жұмыстарының нәтижесінде тұрмыстық сипаттағы қылмыс саны – 8 пайыз, оның ішінде кісі өліміне әкеліп соғатын жағдайлар 26 пайыз азайды.

Іздеуде жүрген 1391адам ұсталғанын мәлімдеді.

Олардың 138-і шетелде қолға түсті;

Жедел іс-шаралар барысында 30 тоннадан астам есірткінің, соның ішінде бір тоннадан астам синтетикалық заттардың айналымға түсуіне жол берілмеді;

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл аясында ауыр және аса ауыр қылмысқа қатысы бар 185 қылмыстық топ ұсталды;

Интернет-алаяқтықпен күрес бағытында 12 колл-орталық жойылды. Оның жетеуі шетелде орналасқан.  Шамамен 83 миллион фрод-қоңырау және 4 мың алаяқтықпен айналысқан сайт бұғатталды.

Сондай-ақ алаяқтардың 2,3 миллиард теңге қаражатты елден шығаруына тосқауыл қойылды.

жол қауіпсіздігі мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп жатқан цифрлық шешімдерді таныстырды.

Мәселен, дрондар көмегімен 6 мыңнан астам, орташа жылдамдықты өлшеу жүйелері арқылы 190 мыңнан астам жол жүру ережесін бұзу дерегі анықталды.

Қабылданған шаралар нәтижесінде жол-көлік оқиғасы кезіндегі өлім-жітім саны 9,4 пайыз, соның ішінде мас күйінде көлік жүргізушілер кінәсінен болатын қайғылы жағдайлар 24 пайыз азайды;

Egov mobile және жетекші банктер қосымшаларына интеграцияланған «Заң және тәртіп» мобильді сервисі іске қосылғаннан бері азаматтардан 32 мыңнан астам өтініш түскен.

экстремизмге қарсы күрес пен көші-қонды бақылау шаралары жөнінде баяндады.

Президент елдегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/271285-memleket-bassysy-iski-ister-ministri-erzan-sadenovti-qabyldady

Leave A Reply

Your email address will not be published.