СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ МЕН ӘДЕП НОРМАЛАРЫ САҚТАУ ТҮСІНДІРІЛДІ

24

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас мамандары С.Т.Джузбаева мен А.И.Ажибаев Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері арасында осы мемлекеттік органның әдеп жөніндегі уәкілімен бірлесе отырып, семинар-кеңес өткізді.

Семинар барысында жауапты мамандар мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі, мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидалары, мемлекеттік қызмет атқарумен байланысты шектеулердің, әлеуметтік кепілдіктердің сақталуы бойынша түсіндірмелер берді.

Одан бөлек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың маңыздылығы, пара беру және пара алуға жол бермеу, сондай-ақ заңнама талаптарын бұзған азаматтарға қолданылатын жаза түрлеріне тоқталып, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасынан» туындайтын міндеттемелер бойынша баяндап, мемлекеттік қызметшілердің ойын мекемелеріне баруы немесе құмар ойындарға/бәс тігуге қатысуына тыйым салынатындығы ескертілді.

Іс-шара соңында қойылған сұрақтарға қолданыстағы заңнама аясында жауаптар берілді.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.