Биылдан бастап 29 қазан ресми түрде — Кәсіпкерлер күні болып аталып өтеді. Кәсіпкерлік ел экономикасының дамуына тікелей әсер ететін маңызды сала. Саланы қолдау — мемлекеттің басым бағыттарының бірі болып қала бермек.

Бүгін аудандық мәдениет үйінде Кәсіпкерлер күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Фойеде кәсіпкерлердің өз қолдарымен жасалған дүниелерінен көрме ұйымдастырылды. Шара шымылдығы оркестрдің күйімен ашылды.

Аудан кәсіпкерлеріне арналған кешке қатысқан аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Молдабеков құттықтау сөз сөйлеп, ел экономикасының дамуына үлес қосып жүрген кәсіпкерлік саласының қоғам үшін маңызды екенін айтты. Ауданымыздың әлеуметтік — экономикалық дамуына ықпал етіп жүрген бірқатар азаматтарға «Облысқа сіңірген еңбегі үшін», «Ауданға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілері, облыс әкімінің және аудан әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаттары тапсырылды.![]()

Салтанатты шара концерттік бағдарламаға ұласып, Сарысу ауданының Құрметті азаматы, белгілі кәсіпкер Тоқтасын Біләлиев демеушілігімен эстрада жұлдызы Әділет Жауғашар көпшілікке әуезді әннен шашу шашты.
Сондай ақ, аудандық мәдениет үйінің әншілері мен «Менур» бишілер ұжымы өнерлерін көрсетіп, көпшіліктің ықыласына бөленді.