istockphoto
https://turkystan.kz/article/269391-elimizde-siyr-etinin-eksportyna-sekteu-engizu-usynyldy
Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігі сиыр етінің экспортына шектеу енгізуді ұсынды. Агенттік тиісті бұйрық жобасын дайындап, «Ашық НҚА» порталында жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл шаралардың мақсаты – елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту, сондай-ақ сиыр етіне бағаны тұрақтандыру.
«Бұйрық жобасында Қазақстан аумағынан 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін ірі қара мал етін (сиыр етін) (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары: 0201 – ірі қара мал еті, жаңа сойылған немесе салқындатылған және 0202 – ірі қара мал еті, мұздатылған) үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне шығаруға сандық шектеулер (квоталар) енгізу көзделген», — делінген құжаттың сипаттамасында.
Жоба 22 қазанға дейін қоғамдық талқылауға салынбақ.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/269391-elimizde-siyr-etinin-eksportyna-sekteu-engizu-usynyldy