СПОРТТЫҚ САЙЫС ӨТКІЗІЛДІ

67
«Мүгедектігі бар адамдар күніне» орай Мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік қолдауы мен өмір сүру сапасын арттыру мақсатында Спорт кешенінде спорттық іс шара өткізілді.
Шараға қатысқан Жамбыл облыстық «Нақты көмек» қоғамдық бірлестігінің президенті Шолпан Ахметова және «Сарысу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Айнұр Инкарбекова құттықтау сөз сөйлеп, бұл іс-шараның ерік-жігері мықты, өмірдің небір кедергілеріне қарамастан, өмір сүруге деген құштарлығымен бойындағы батырлық қасиеттерін оятқан жандарға арналатынын жеткізді.
Сайысқа қатысушылар спорттың қол күресі, дойбы сынды түрлерінен сынға түсті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ұйымдастырушылар тарапынан дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.