ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

76
Сарысу ауданында күзгі-қысқы кезеңге орай тұмауға қарсы жоспарлы вакцинациялау жұмыстары басталды.
Жыл сайын күзде тұмау мен ЖРВИ-дің белсенді таралуы байқалады. Бұл аурулар ауа-тамшы арқылы тез жұғып, халық арасында кеңінен таралады.
Тұмауға қарсы екпе — аурушаңдықты және асқыну, өлім-жітім деңгейін төмендетудің ең тиімді әрі қауіпсіз тәсілі.
Екпе мынадай санаттағы азаматтарға тегін салынады:
— медицина қызметкерлері;
— диспансерлік есепте тұрған балалар;
— 6 айдан асқан, жиі ауыратын балалар;
— қарттар мен мүгедектер
— жүктіліктің 2 немесе 3 триместріндегі әйелдер;
— жүрек-қан тамырлары, тыныс алу жүйесі ауруларымен ауыратын адамдар.
Вакцинация Сарысу ауданындағы емдеу мекемелерінде жүргізілуде.
Уақтылы екпе алып, өзіңізді және жақындарыңызды тұмаудан қорғаңыз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.