«Таза Қазақстан»: Таразда 10 мың ағаш отырғызылды

91
Бүгін Мемлекет басшысының қатысуымен республика көлемінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы бастау алды.
♻️Акция аясында еліміздің барлық өңірлерінде тал егу және санитарлық-тазалық шаралары жүргізілуде.
Жамбыл облысында барлығы 28 мыңға жуық жасыл желек егілмек. Ал Тараз қаласында алғашқы кезең «Жібек жолы» ауданындағы «Қызылабад» алқабында өтті. Мұнда 10 мың түп қарағаш көшеті отырғызылды.
Іс-шараға 3000-ға жуық адам, соның ішінде мемлекеттік мекеме қызметкерлері, жастар мен еріктілер қатысты.
Акцияға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев пен Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков қатысып, тұрғындармен бірге ағаш отырғызды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.