Қазақтың батыр ұлы  – Бауыржан

54
Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапхана облыс тұрғындары, әсіресе жастар арасында жергілікті әдебиет туындыларын оқу, өлке тарихын, табиғатын, әдебиетін насихаттау мақсатында «Ел болып оқимыз» облыстық жобасын қолға алған болатын.
Жуырда жоба аясында Ұлы Отан соғысы жылдарында ел мен жер үшін от кешкен батыр, тірісінде аты аңызға айналған қазақтың жауынгер ұлы, қолбасшы, ерліктің ерен үлгісі Бауыржан Момышұлының 115 жылдық мерейтойына орай «Қазақтың батыр ұлы  – Бауыржан» атты бауыржантану сағатын ұйымдастырылды.
Шараға М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері Әлімбай Найзабаев, «125 international school» мектебінің директоры Йылдырай Абдуллах, «125 International school» мектебі тарих пәнінің мұғалімі Сәт Қуантай, Қазақстан Студенттер Альянсы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дархан Байпақ, Ғ.Мұратбаев атындағы № 17 орта мектептің кәсіптік бағдар беруші педагогы Замира Қожағалиева, Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназияның кәсіптік бағдар беруші педагогы Абай Қаспақов пен Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназияның кәсіптік бағдар беруші педагогы Динара Әбілхайырова қатысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.