Жамбыл облыстық «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» мамандарынан құралған ақпараттық түсіндіру тобы Шу қаласына арнайы іссапармен келіп, Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында айтылған басым бағыттарды түсіндіру мақсатында қаладағы білім саласы қызметкерлерімен кездесу өткізді.![]()

Аталған іс-шара аясында зейнетақы жүйесіндегі өзгерістер, жаңа реформалар, жинақтау жүйесінің тиімділігі мен болашағы, ерікті зейнетақы жарналарының маңызы, сондай-ақ жұмыс берушілер мен қызметкерлердің міндеттері мен құқықтары кеңінен түсіндірілді.
Мектептер мен балабақшалар ұжымдарына бағытталған кездесуде мамандар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, зейнетақы жүйесіне қатысты пайдалы кеңестер ұсынылды.
Түсіндіру жұмыстары азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыруға, әлеуметтік қорғалуын нығайтуға бағытталған жүйелі жұмыстардың бір бөлігі ретінде ұйымдастырылып отыр.