Адам жаның емдейтін де, жаралайтын да сөз. Дұрыс айтылмаған ой от басын ойрандайды, достан айырады, тұңғиыққа тартатының адам өзі сезбейді.
Пенде біреудің жасаған жақсылығың тез ұмытады, бірақ айтылған сөз атылған оқтан кем болмайды, адамның құның төмендетеді…
…Ертеде патша түс көріпті. Түсінде барлық тісі бірінен соң
түсіп қалыпты.
Түс жору үшін, кеңесшісін шақарыпты.
— О, әміршім! Қайғылы жағдай болады. Барлық туысқандарыңыз бірінен соң бірі өледі, сіз жалғыз қаласыз»- депті. Әмірші оны зынданға жатқызыпты.
Ал, данышпанды шақырып түсін айтқанда ол ұзақ ойланып:» О, Әміршім!
Қуаныш хабар айтайын.
Туысқандарыңыздың бәрінен ұзақ өмір сүресіз!- дегенде, оған алтын беріп, рақметін айтыпты…
Ел екеуінің де жауабы бірдей, бірақ біреуін зыңданға жапты, сізге алтын берді дегенде, данышпан:
«Жауабымыз бірдей, бірақ ойды жеткізуіміз әр түрлі…
Сөз адамның сөйлеу шеберлігіне байланысты.
Айтар ойды ойланып, оған берілетін жауапты да ескеру керек»- деген екен.
Расында бір ауыз сөздің мейлі жақсы болсын, жаман болсын адамзатқа тигізер әсері өте зор.
Жақсы сөз бал жегізеді, жаман сөз таяқ жегізетінің ұмытпайық.
Біз телефон арқылы сөйлескенде ол адамның қандай күйде екенің білмейміз. Ойланбай
ойымыздағыны айтамыз…
Адамның жанына тимейтін сөз айтуға үйренейік.
Жесірдің жаның жараламай, жарасына тұз сеппейік…
Ажырасқан деп әйел жүрегіне түкірмейік.
Өз балаларыңыздың болашағының не боларын сіз де білмейсіз.
Өмір кезек екенің ұмытпайық.
Жақсылық жасасаң да, өзің үшін жасайсың.
Жақсы сөз- жанды емдейді…
Сіздерге жақсылық тілеймін, қуанышты күндеріңіз көп болсын!
РАЙХАН МАТАЕВА