№2 Сингапур

64

сурет: istockphoto.com

https://turkystan.kz/article/267230-2-singapur
Сингапурдың жалпы ішкі өнімі – 547,4 млрд доллар, әлем бойынша 27-орын­­да тұр. Алайда елдің басты ар­тық­­шылығы – жан басына шаққандағы ЖІӨ (PPP бойынша). 150,6 мың доллар – әлем­дегі ең жоғары көрсеткіш. Мұндай деңгей Сингапурдың шағын аумақ пен шектеулі табиғи ресурстарға қарамастан, адами ка­питалға, инновацияға және саудаға сүйен­ген табысты даму моделін қалып­тас­тырғанын көрсетеді.

Сингапурдың әлемдік бәсекеге қабілеттілік индексіндегі орны кейін­гі бес жылда бірқалыпты сақталған десе де болады. Тек аздаған құбылу бар. 2021 жылы мемлекет бесінші орынға тұ­рақтаса, 2022 жылы үшінші орынға кө­теріліп, ал 2023 жылы қайтадан төр­тін­ші орынға сырғыды. Бұл кезең елдің сырт­қы сауда мен инвестициядағы же­тіс­тіктерімен қатар, жаһандық дағ­да­рыс­тардың әсерін де айқын көрсетеді. Ал 2024 жылы Сингапур бірінші орынға шығып, әлемдегі ең бәсекеге қабілетті экономика ретінде мойындалды. Бұл же­тістікке негізінен технологиялық инф­рақұрылымдағы көшбасшылық, халықаралық саудадағы артықшы­лық­тар және мемлекеттік басқарудың тиім­ді­лігі ықпал етті. Ал 2025 жылы Сингапур бір саты төмендеп, екінші орынға түсті. Бұл құлдырау салыстырмалы сипатта, өйт­кені ел өз позициясын жоғалтты де­геннен гөрі, Швейцарияның көрсет­кіш­тері жақсарып, алға шықты деуге болады.

Шектеулі ресурспен шексіз мүмкіндік ашқан

Сингапурдың жалпы ішкі өнімі – 547,4 млрд доллар, әлем бойынша 27-орын­­да тұр. Алайда елдің басты ар­тық­­шылығы – жан басына шаққандағы ЖІӨ (PPP бойынша). 150,6 мың доллар – әлем­дегі ең жоғары көрсеткіш. Мұндай деңгей Сингапурдың шағын аумақ пен шектеулі табиғи ресурстарға қарамастан, адами ка­питалға, инновацияға және саудаға сүйен­ген табысты даму моделін қалып­тас­тырғанын көрсетеді.
Экономикалық өсу қарқыны да ай­тар­лықтай жоғары – 4,4 пайыз (11-орын). Бұл көрсеткіш, әсіресе жаһандық эко­номика баяулап, геосаяси тұрақ­сыз­дық ушығып тұрған шақта елдің тұ­рақ­ты әрі серпінді даму жолында тұрғанын дә­лелдейді. Инфляция деңгейі – 2,4 пайыз (28-орын), салыстырмалы түрде тө­мен деңгейде, бұл елдің ақша-кредит сая­сатының тиімді екенін көрсетеді.
Еңбек нарығы тұрғысынан да елдің по­зициясы нық: жұмыссыздық деңгейі не­бәрі 2 пайыз (5-орын), ал жұмыс кү­ші­нің саны – 4 миллион адам. Мұндай нә­тиже білім беру жүйесінің сапасын, ең­бек нарығының икемділігі мен үкі­меттің жұмыс күшін қайта даярлауға ба­ғытталған саясатын айқындайды.
Сингапурдың тағы бір басты күші – сыртқы сектор. Елдің ағымдағы шо­ты­ның оң сальдосы ЖІӨ-нің 17,5 пайы­зын­дай болады (2-орын), бұл оның экс­портқа бағдарланған экономи­ка­сы­ның қуатын дәлелдейді. Сонымен қатар елге тартылған тікелей шетелдік инвес­ти­циялар қоры 2,6 трлн доллардан аса­ды (5-орын), ал inward flows көлемі ЖІӨ-нің 31,6 пайызына тең болып, әлем­де бірінші орынға шыққан. Бұл көр­сеткіш Сингапурдың халықаралық ка­пи­тал үшін ең тартымды хабтардың бірі екенін айғақтайды.
Қорыта айтқанда, Сингапурдың көр­сеткіштері оның шағын мемлекет болға­ны­мен, аса ірі экономикалық орталыққа ай­налғанын дәлелдейді. Географиялық шек­теулерге қарамастан, адами капи­тал­ға, қаржы жүйесіне және жаһандық сау­даға сүйенген даму моделі елді әлем­дегі ең қуатты экономикалардың біріне айналдырды.

Экономика

2025 жылғы рейтингте Сингапурдың экономикалық көрсеткіштері айтар­лық­тай жоғары. Елдің ішкі экономикасы 75,0 балл жинап, әлемде 3-орынға кө­теріліп, 5 саты жоғарылаған. Бұл ішкі на­рықтағы іскерлік белсенділіктің ар­тып, инвестиция мен тұтыну сұраны­сы­ның күшейгенін білдіреді.
Халықаралық саудада Сингапур айқын көшбасшы: 76,6 балмен 1-орында  тұр. Географиялық орны қо­лай­лы болуы, логистикалық инфрақұры­лы­мы мен еркін сауда саясаты елді жа­һан­­дық сауда орталығына айнал­дыр­ды.
Халықаралық инвестициялар бойын­ша 86,5 балл жинап, әлемде 3-орынға ие болды. Бұл көрсеткіш Син­гапурдың шетел капиталын тар­ту­дағы артықшылығын сақтап отырғанын, бірақ бәсекенің күшейгенін көрсетеді.
Жұмыспен қамту деңгейі 68,7 бал­мен 6-орында. Бұл еңбек нарығының әлі де күшті екенін дәлелдейді, дегенмен кейін­гі жылдары жоғары технологиялық секторларда білікті маман тапшылығы байқалып отыр.
Бір айта кетерлігі, мықты ақша-кре­дит саясатына қарамастан, биыл елдің баға тұрақтылығы 34,4 балмен 67-орын­ға түсіп кеткен. Инфляция қысымының кү­шеюі Сингапур экономикасы үшін бас­ты сын-қатердің бірі болып тұр.
Сингапурдың экономикалық мо­делі – ішкі нарықтағы белсен­ді­лік, жаһандық саудадағы көшбасшылық және инвестиция тарту қабілетімен ерек­шеленеді. Алайда бағаның тұрақ­сыз­дығы мен еңбек нарығындағы қы­сым алдағы жылдары мемлекеттің бас­ты назарында болуға тиіс.

Үкімет

Сингапур үкіметінің тиімділігі ха­лықаралық рейтингтерде үнемі жоғары бағаланып келеді. 2025 жылғы көр­сеткіштер де осыны дәлелдейді.
Қоғамдық қаржы бойынша ел 75,3 балл жинап, 4-орында тұр. Бұл мемле­кет­тік бюджеттің тұрақтылығы мен қа­рыз деңгейін бақылауда ұстаудың тиім­ді екені көрсетеді.
Салық саясаты бағытында керісінше тө­мендеу байқалады: 65,4 балмен 15-орын­ға түскен. Сингапурдың салық жүйе­сі дәстүрлі түрде бизнеске қолайлы са­налса да, соңғы өзгерістер бәсекеге қа­бі­леттілікті біршама әлсіреткен сияқ­ты.
Институционалдық құрылым 77,0 бал­ға жетіп, әлемде 2-орынға көтерілді. Бұл – заң үстемдігі, мемлекеттік бас­қару­дың ашықтығы және жемқорлыққа қар­сы саясаттың тиімділігінің айқын кө­рінісі.
Бизнес заңнамасы бойынша да Син­гапур 79,4 балмен 2-орында. Қарапайым әрі түсінікті құқықтық орта кәсіпкер­лер­ге тұрақтылық пен сенімділік береді.
Ал қоғамдық орта (societal framework) көрсеткіші 65,8 балмен 12-орында тұр. Бұл азаматтардың сенімі мен әлеуметтік бір­ліктің әлі де жоғары екенін білдіреді, бірақ сәл кейін жылжу қоғамда әлеу­мет­тік мәселелердің барын меңзейді.
Сингапурдың басты артықшылы-
ғы – мықты институционалдық жүйе мен бизнесті қолдауға бағытталған сая­сат. Дегенмен салық саясатының әлсіреуі жә­не қоғамдық көрсеткіштердің сәл тө­мендеуі үкіметке жаңа міндеттер жүк­теп отыр.

Бизнес тиімділігі

Сингапурдың экономикасындағы бас­ты қозғаушы күштің бірі – бизнес сек­торы. 2025 жылғы көрсеткіштерге қа­ра­сақ, елдің бұл бағыттағы нәтижелері бірқатар сын-қатерлер барын айқындап отыр.
Өнімділік пен тиімділік 76,8 балға тең, бұл көрсеткіш Сингапурды 6-орынға ығыс­тырды. Жоғары нәтиже сақтал­ға­ны­мен, аздап төмендеу бәсекелестіктің кү­шейіп келе жатқанын көрсетеді.
Еңбек нарығы 64,3 балл алып, 7-орын­ға түсті. Жоғары технологиялық және инновациялық секторларда кадр тап­шылығы байқалып отыр.
Қаржы секторы 71,9 балмен 5-орын­да. Сингапур дәстүрлі түрде Азияның қар­жы орталығы саналғанымен, кейінгі жыл­дары аймақтағы басқа ойын­шы­лар­дың күшеюі оның позициясын сәл әл­сірет­кен.
Басқару тәжірибелері (management practices) айтарлықтай төмендеді: 66,5 балл, 12-орын. Бұл көрсеткіш корпора­тив­тік басқаруда сын-қатерлердің пайда бол­ғанын және стратегиялық икемді­лік­тің әлсірегенін меңзейді.
Құндылықтар мен ұстанымдар да тө­мендеп, 77,3 балмен 11-орынға түсті. Бұл бизнес мәдениеті мен кәсіпкерлік рух­тағы өзгерістерді білдіруі мүмкін.
Соған қарамастан, Сингапур бизнес тиім­ділігі бойынша әлі де әлемдік көш­бас­шылар қатарында. Алайда еңбек на­рығындағы қысым, корпоративтік бас­қарудағы әлсіреу және кәсіпкерлік құн­дылықтардың төмендеуі эконо­ми­каның болашақтағы бәсекеге қабілет­ті­лі­­­гіне әсер етуі ықтимал.

Инфрақұрылым

Сингапурдың экономикалық жетіс­тіктері көбіне заманауи инфрақұрылым­ға сүйенеді. Биыл негізгі инфрақұрылым 63,3 балға бағаланып, бұл елді 11-орынға түсірді.
Технологиялық инфрақұрылымда Син­гапур айқын көшбасшы: 73,4 балмен 1-орында. Цифрландырудың дамуы, жо­ғары интернет жылдамдығы және ин­но­вациялық технологияларды енгізу елді Азиядағы «смарт мемлекетке» ай­нал­дырды.
Ғылыми инфрақұрылым 71,8 бал­мен 15-орында тұр. Ел ғылыми зерт­теулер мен инновацияларды қол­дау­ды жалғастырып келеді, бірақ жаһан­дық бәсекелестік жағдайында көш­бас­шылықты сақтау үшін инвестицияны арт­тыру қажет екені байқалады.
Денсаулық сақтау мен экология көр­сеткіші 59,0 балға төмендеп, 29-орын­ға түсті. Бұл халықтың қартаюы, ден­сау­лық сақтау жүйесіне түсетін жүктеменің артуы және экологиялық тұрақтылық мәселелерін айқындайды.
Білім беру 70,6 балмен 8-орында тұр. Син­гапурдың білім беру жүйесі дәстүрлі түр­де мықты саналса да, соңғы көр­сет­кіш­тердің төмендеуі жаңа эконо­ми­калық қажеттіліктерге сәйкес жаңа қа­жет­тіліктер туындағанын көрсетеді.

Сын-қатерлер

Сингапур – әлемдік сауда мен қаржы ор­талығы, бірақ жаһандық экономи­ка­ның өзгермелі жағдайы елге жаңа сы­нақ­тар әкеліп отыр. Елдің Сауда және ин­дустрия министрлігінің бағалауынша, на­зарға алу қажет бірқатар бағыт бар.
Жаһандық экономиканың бөлшек­тенуі. Әлемде сауда соғысының ықти­мал­дығы артып келеді. Бұл Сингапур сияқ­ты ашық әрі экспортқа тәуелді эко­номика үшін үлкен қауіп, себебі сау­да ағындарының бұзылуы елдің негізгі табыс көзін әлсіретуі мүмкін.
Шектеулі ресурс жағдайында бәсеке­ге қабілеттілікті сақтау. Географиялық көлемі шағын, табиғи ресурстары аз Син­гапур бәсекелестік артықшылығын білім­ге, инновацияға және технологияға сүйене отырып сақтауға тиіс.
Жаңа технологиялар тудыратын өз­ге­рістер. Жасанды интеллект секілді тех­нологиялық серпілістер үлкен мүм­кіндіктермен қатар, экономикалық жә­не әлеуметтік тұрғыдан ірі сынақтар әке­леді. Ел үшін басты міндет – жұ­мыс­шыларды қайта даярлау, жаңа да­ғ­ды­лар­ды дамыту және бизнесті транс­фор­ма­ция­лау арқылы технологиялық өзге­ріс­тер­ге бейімделу.
Сингапурдың болашағы сыртқы сау­дадағы тұрақсыздыққа қарсы тұру қабі­летіне, ішкі ресурстардың тиімді пай­да­ланылуына және технологиялық төң­керістерді мүмкіндіктерге айналдыруы­на байланысты. Бұл елдің дәстүрлі икем­ділігі мен стратегиялық ойлау қа­бі­­ле­ті тағы да сынға түспек.

Жалпы алғанда, Сингапурдың рейтингтегі өзгерістері оның икемді әрі бейімделгіш экономика екенін көрсетеді. Бірінші орыннан екінші орынға төмендеу елдің әлсірегенін емес, бәсекенің күшейгенін білдіреді. Экономикалық саясаттағы тұрақтылық, халықаралық нарықтағы ықпал және инновацияға бейімділік Сингапурды әлі де көш басында ұстап тұр.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/267230-2-singapur

Leave A Reply

Your email address will not be published.