Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, Түркістан ауылдықокругінеқарастыӘшір Бүркітбаев ауылында «Желбіре, Жеңістің жалауы» атты өнер фестивалі өтті. Кешке қатысқан аудандық ардагерлер кеңесі пленумының мүшесі Татубай Айбеков құттықтау сөз сөйлеп, еліміздің амандығын, жеріміздің тыныштығын тіледі. Сондай — ақ, Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аясында өтіп жатқан кештің мәні тереңде екенін айтты.![]()


