БАСТЫ МАҚСАТ — КӘСІПКЕРЛІК БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТЫ ОҢТАЙЛАНДЫРУ

41
Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды — инновациялық дамыту басқармасына қоғамдық мониторинг жүргізу аясында облыстық қоғамдық кеңестің мүшелері бүгін арнайы іссапармен ауданымызға келді.
Қадірменді меймандарды аудан әкімінің орынбасары Жанғозы Жаркенов, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Сахарап Қырғызбаев, аудан әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Данияр Ермекбаев арнайы күтіп алды. Кеңестің құрамында Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңестің Төралқа мүшесі Арқабек Төлебаев пен облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі Батырхан Дәуренбеков бар.
Іссапар барысында келушілер қаладағы бірқатар кәсіпкерлік нысандарды аралады. Атап айтсақ, Жаңатас қаласы, 4 шағынаудан 15 үй мекенжайында салынып жатқан қонақүйдің құрылыс жұмыстарын зерделеді. Сондай — ақ, NeoView аквапаркі мен «Бақдәулет» гипермаркетінде болып кәсіпкерлерге тұтынушылар мен кәсіпкердің арасындағы байланыстың маңыздылығы туралы айтты. Мұнан соң «ЕвроХим Қаратау» ЖШС мен «Жаңатас ЖЭС» ЖШС- інде болып зауыттардың тыныс — тіршілігінен хабардар болды.
Ауданымыздың кәсіпкерлік нысандарын аралаған қоғамдық кеңестің мүшелері атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, басты мақсат кәсіпкерлік бағытындағы жүмыстарды оңтайландыру екенін айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.