А.Тоқпанов атындағы қазақ драма театры концерттік бағдарлама өткізді

54

Бүгін, Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №59 мекемесінде жазасын өтеушілерге рухани-мәдени қолдау көрсету мақсатында А.Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының шығармашылық ұжымы арнайы келіп, концерттік бағдарлама ұсынды.

Шараның басты мақсаты – сотталған азаматтардың мәдени көзқарасын қалыптастыру, рухани жаңғыруына ықпал ету және қоғамға қайта бейімделуіне жол ашу. Театр әртістері көрермендерге әсерлі қойылым үзінділерін, патриоттық әндер мен музыкалық композициялар орындап, қатысушылардың зор алғысына ие болды.

Мекеме әкімшілігі мен жазасын өтеушілер атынан театр ұжымына алғыс айтылып, мұндай іс-шаралардың тәрбиелік мәні зор екені атап өтілді.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті осындай мәдени іс-шараларды алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізіп отыруды жоспарлап отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.