Жетісу облысында 152 млн теңге бюджет қаражаты жымқырылған

81

ҚМА

https://turkystan.kz/article/266231-zetisu-oblysynda-152-mln-tenge-biudzet-qarazaty-zymqyrylgan
Қаржылық мониторинг агенттігі Жетісу облысында тұрғын үйлердің құрылысы кезінде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Агенттіктің мәліметінше, 2021 жылы тапсырыс беруші мен мердігер ұйым арасында жалпы сомасы 1,7 млрд теңгеге екі көпқабатты тұрғын үй салуға келісімшарттар жасалған.

«Алайда қол қойылған орындалған жұмыстар актілеріне қарамастан, бірқатар құрылыс-монтаж жұмыстары іс жүзінде атқарылмаған.

Жоспарланған тоғыз қабаттың тек жетеуі ғана тұрғызылған, жылыту, сумен жабдықтау, электр жарықтандыру жұмыстары жүргізілмеген, сонымен қатар сыртқы әрлеу жұмыстары жоқ.

Осылайша, құрылыс аяқталмай, нысанды пайдаланысқа беру мерзімдері бұзылған. Мемлекетке келтірілген шығын 152 млн теңгеден асқан», – делінген жазбада.

Сот санкциясымен құрылысшы компанияның мүлкіне тыйым салынды.

Іс бойынша күдікті ретінде мердігер ұйымның директоры және құрылысқа техникалық қадағалау жасаған компания қызметкерлері танылды.

Тергеу жалғасып жатыр.

Тэгтер:
Бюджет Жетісу облысы жымқыру құрылыс
БӨЛІСУ:

Серіктес жаңалықтары
Ұқсас мақалалар

Көкшетауда 2 қызды көлік қағып кетті (ВИДЕО)
Бүгін, 10:28

«Silk Way Star» ШЫҰ елдерін біріктіреді: Бейжіңде халықаралық жоба басталды
Бүгін, 09:56

Алматы мен Токио арасында тікелей рейс ашылады
Бүгін, 09:34

Сарапшылар ҚСЗИ алаңында Конституцияның 30 жылдығын талқылады
Бүгін, 09:02

Мемлекет басшысы Си Цзиньпиннің шақыруымен Қытайға барады
Бүгін, 08:59

Астанада вандалдарға 10 млн теңгеден астам айыппұл салынған
Бүгін, 08:29
Көп оқылған

Бүгін, 10:28
Көкшетауда 2 қызды көлік қағып кетті (ВИДЕО)

Бүгін, 09:56
«Silk Way Star» ШЫҰ елдерін біріктіреді: Бейжіңде халықаралық жоба басталды

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/266231-zetisu-oblysynda-152-mln-tenge-biudzet-qarazaty-zymqyrylgan

Leave A Reply

Your email address will not be published.