Фото: Ақорда
https://turkystan.kz/article/266134-prezident-basekelestikti-qorgau-zane-damytu-agenttiginin-okilettigin-keneitti
2025 жылғы 18 тамыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі туралы ережеге өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қыркүйектен бастап ведомствоға жаңа міндеттер жүктеледі.
2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап ведомствоның жұмысына жаңа бағыттар қосылады.
Олардың қатарында:
мобилизациялық дайындық шаралары;
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен киберқауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау;
мемлекеттік құпияларды қорғау;
мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысты заңға тәуелді актілерді әзірлеу бар.
Ал 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап агенттікке тағы екі функция беріледі:
салықтық жеңілдіктерді келісу;
көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл шараларына қатысу.
Тиісті Жарлық 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді, ал жекелеген нормалар 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/266134-prezident-basekelestikti-qorgau-zane-damytu-agenttiginin-okilettigin-keneitti