Бейнебақылау жүйелерін бүлдірмеу туралы құқықтық түсіндіру өткізілді

67

Бугін Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінде жазасын өтеуші сотталғандар арасында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 428-1-бабы (“Байланыс құралдарын, бейнебақылау жүйелерін, сигнал беру құралдарын, есепке алу немесе бақылау жүйелерін қасақана жою немесе бүлдіру”) бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараның мақсаты – сотталған азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, мекеме аумағындағы бейнебақылау камералары мен өзге де техникалық бақылау құралдарын қасақана зақымдау немесе жою фактілерінің алдын алу.

 

Сотталғандарға аталмыш құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғаны түсіндіріліп, ҚР ҚК 428-1-бабы бойынша тиісті жаза түрлері туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, мекеменің ішкі тәртіп қағидалары мен техникалық қауіпсіздік ережелері қайта пысықталды.

Мұндай алдын алу шаралары мекемеде құқық бұзушылықтың жолын кесу және жазаны өтеу тәртібін сақтау мақсатында тұрақты түрде өткізілетін болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.