Қарағандыда тұрғын үйден өрт шықты

81

istockphoto

https://turkystan.kz/article/265822-qaragandyda-turgyn-uiden-ort-syqty
Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан атындағы ауданындағы Восток ықшам ауданында бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерден өрт шықты, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар пәтер ішіндегі жиһаз жанғанын анықтады. Түтін басқан үйден 15 адам, оның ішінде 8 бала баспалдақ арқылы эвакуацияланды.

Қосымша екі тұрғын арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен шығарылды.

— Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында тілсіз жау шағын аумақта оқшауланып, толық сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, — деп жазды ведомстводан.

Өрт шыққан пәтердің иесі құтқарушыларға кәсібилігі мен жедел іс-қимылы үшін алғыс айтты.

ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/265822-qaragandyda-turgyn-uiden-ort-syqty

Leave A Reply

Your email address will not be published.