Тоқаев Индонезия президентін құттықтады

63

Фото: Ақорда

https://turkystan.kz/article/265826-toqaev-indoneziia-prezidentin-quttyqtady
Қасым-Жомарт Тоқаев Прабово Субиантоны Индонезия Республикасы тәуелсіздігінің 80 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Мен Астана және Джакарта арасындағы өзара түсіністік пен ортақ құндылықтарға негізделген сенімді ынтымақтастықты жоғары бағалаймын. Осы орайда, өзіңізбен бірлесіп, екі елдің достық қарым-қатынасын одан әрі дамыта түсуге бар күш-жігерімді жұмылдыруға дайын екенімді мәлімдеймін, – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Прабово Субиантоның сындарлы саясаты мен көшбасшылық қасиеттерінің арқасында Индонезия Республикасы алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беретініне сенім білдірді

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/265826-toqaev-indoneziia-prezidentin-quttyqtady

Leave A Reply

Your email address will not be published.