ҚТЖ
https://turkystan.kz/article/265289-almaty-oblysynda-er-adamdy-poiyz-qaqty
Қайғылы оқиға 6 тамыз күні кешкі уақытта Қарабұлак — Тентек учаскесінде болған, деп хабарлайды turkystan.kz.
ҚТЖ мәліметінше, машинист теміржол бойында жүрген адамды көріп, пойызды шұғыл тежеген.
«6 тамыз күні сағат 19:52-де Қарабұлак — Тентек учаскесінде машинист теміржолға бөгде адамның кенеттен шығып кетуіне байланысты шұғыл тежеу қолданды. Ара қашықтықтың тым жақын болуына байланысты соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады», — делінген хабарламада.
Компания қазақстандықтарды теміржол маңында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/265289-almaty-oblysynda-er-adamdy-poiyz-qaqty