Жастар жаман әдетке қарсы

22

26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай Талас ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі мен аудандық спорт бөлімі бірлесіп Қаратау қаласындағы Орталық стадионда “Нашақорлық – ұлт қасіреті, спорт – ұрпақ кепілі” атты спартакиада өткізді.

Спартакиаданың басты мақсаты – жастарды салауатты өмір салтын ұстануға үндеу, зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру және нашақорлықтың алдын алу.

Жарысқа аудан аумағынан барлығы 11 команда қатысып, өзара бақ сынады. Қатысушылар қатарында Talas investment company, Көктал, С.Сейфуллин, Есейхан, Ойық, Кеңес, Пробация,Тамды, Бостандық командасы, Көктал және Ақкөл ауылдық округтері мен мекемелерінің командалары болды.

Жарыс бағдарламасына кір тасын көтеру, қол күрес, арқан тарту, ләңгі тебу, дартс, асық ату және кіші футбол сынды спорт түрлері енгізілді.

Жалпы командалық есеп нәтижесі:
• 1 орын – С.Сейфуллин командасы
• 2 орын – Тамды командасы
• 3 орын – Есейхан және Көктал командалары

Кіші футболдан жеңімпаздар:
• 1 орын – “Talas investment company” командасы
• 2 орын – Тамды командасы
• 3 орын – Ақкөл командасы

Жарыс соңында жеңімпаздар марапатталып, барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.